Нормалды үлестірім тығыздығы. Гаусс үлестірім функциясы. Қалыпты үлестірім тығыздығы

Физика, химия, психология сынды пәндерде неше түрлі кездейсоқ шамалар зерттеледі. Солардың ішінде үлестірім тығыздығы мынандай болатын кездейсоқ шамалар да:

Гаусс үлестірім заңы

Мұндағы σ > 0.

Гаусс үлестірім заңы дегеніміз осындай тығыздық функциясы бар шамалар. Басқа атауы нормалды үлестірім заңы не қалыпты үлестірім. a мен σ қалыпты үлестірімнің параметрлері деп аталады. Олар математикалық үміт пен дисперсия квадратына тең:

M(X) = a

D(X) = σ2 

Дисперсиядан түбір алсақ ол орташа квадраттық ауытқу деп аталады емес пе. Демек қалыпты үлестірім заңы бар кездейсоқ шаманың σ параметрі орташа квадраттық ауытқу болады.

Осы қисықтын графигін де салуға болады. Ол мынандай болады:

Қалыпты үлестірім графигі

Кездейсоқ шаманың ықтималдығы

Үлестірім функциясы нормалды болатын кездейсоқ X шаманың α мен β аралығында мән қабылдауының ықтималдығы мына формуламен есептелінеді:

Нормалды үлестірім заңы

Осы теңдіктің оң жағындағы Ф шаманы Лаплас функциясы деп атайды. Ол синус не косинус сияқты кесте арқылы беріледі.

Ықтималдық теориясы

Автор: Жандос Көксу

Сұрақ қою